"Қордай" өткізу пункті жаңартылды

798

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов пен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев "Қордай" өткізу пунктін кеңейту және қайта құру жұмыстарының нәтижелерімен танысты, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

"Қордай" өткізу пункті жаңартылды

Бір жыл ішінде көптеген жұмыс атқарылған. Тапсырыс беруші "ҚазАвтоЖол", ал бас мердігер – "ДорСтрой" ЖШС. Құны 5,2 миллиард теңгені құрайтын қайта құру жұмыстарының басты артықшылығы ретінде "Рапискан" жеке инспекциялық кешендерін – жоғары технологиялық сканерлерін айтуға болады. Олардың саны – 9. Бірі ірі көлік құралдарын сканерлеуге арналса, қалған шағын сегізі жеке адамдар үшін. 

Сондай-ақ, кірме жолдар екі бағыт бойынша сегіз жолақ болып етіп кеңейтілді. Маусым ішінде "Қордай" пункті арқылы 35 мыңға дейін адам өтеді. 

"Жұмыстың барлық бағыттарында халықаралық стандарттарға ұмтылу қажет. Мен инвестор тартып, автотұрақтың орнына заманауи логистикалық орталық салуды ұсынамын. Жертөле қабатында автотұрақ, бірінші қабатта күту залы, екіншісінде кафе, валюта айырбастау пункттері, кәдесый дүкендері және тағы басқаларын орналастыруға болады", - деп министр бастама көтерді.

Бердібек Сапарбаев ұсыныс қолдады. Енді жұмыстар осы бағытта жүргізілмек.

Жаңартылған өткізу пунктімен танысу барысында Меркі-Шу-Бурылбайтал автомобиль жолының құрылысы туралы есептер тыңдалды. Қытайлық "China Xinxing Cjrporation Group" компаниясы өкілінің айтуынша, олар келер жылы жолдың 95 шақырымдық бөлігін аяқтамақ. Жұмыстың қарқынын арттыру үшін жолшылар тағы бір асфальт-бетон зауытын іске қоспақ.

Бейбіт Атамқұлов 11 көпір мен жол өткелінің құрылысына ерекше назар аудару керектігін айтты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу