Қордай өткізу пунктіндегі жұмыстардың 70%-ы аяқталды

805

Жаңа инспекциялық-тексеру кешенінің құрылысы аяқталуға жақын.  

Қордай өткізу пунктіндегі жұмыстардың 70%-ы аяқталды

"QazAvtoJol" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов Жамбыл облысындағы іс-сапары барысында
Қордай өткізу пунктіндегі жұмыстардың қарқынын тексерді. 

Жамбыл облысының Қордай ауылдық округіндегі өткізу пунктінің құрылысы мен қайта жаңартылуы биылғы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Бүгінде жұмыстардың 70%- жүзеге асқан. Бас мердігер – "Дорстрой" ЖШС. Ал техникалық бақылау – "Алматы Сапа Инжиниринг" ЖШС. 

"Өткізу пунктінің қайта жаңартылатын аймағы – 3,5 гектар. Жолдың қозғалыс бөлігі – 137 метр, әр жолағы 3,75 метрден 8 жолақ бар.  Жоба аясында жолдың қозғалыс бөлігін, өткізу терминалдарын, кедендік қызметтің ғимаратын және өткізу пунктіне қарасты өзге де нысандарды қайта жаңарту көзделген. Сондай-ақ, шекарадан өткен азаматтарды тексеру жұмысын жылдам жүргізуге арналған жаңа инспекциялық-тексеру кешенінің құрылысы да аяқталуға жақын. Нысанда терминалдарды әрлеу жұмыстары жалғасуда", - деді Ұлан Әліпов.

Қайта жаңарту жобасын жүзеге асыру үшін 172 білікті маман мен 16 арнайы техника жұмылдырылған.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу