Қордайда ауызсуға бөлінген қаржыны жымқырған шенеуніктер сотталды

316

Экс-басшы 12,3 миллион теңгені құрайтын су мұнарасын салуы тиіс болған.

Қордайда ауызсуға бөлінген қаржыны жымқырған шенеуніктер сотталды Фото: Ult.kz

Қордай ауданының прокуратурасы "Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ-нің экс-басшысы 6,5 миллион теңге ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Іс материалдарынан белгілі болғандай, Сарыбастау ауылында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бұрынғы басшысы "М", "Қордай су" МКК директоры "К" және кәсіпкер "Е" құжаттар бойынша құны 12,3 миллион теңгені құрайтын су мұнарасын салуы тиіс болған.

Бас прокуратураның мәліметінше, нысанды егжей-тегжейлі талдау және визуалды қарау су мұнарасының шын мәнінде салынбағанын көрсетті.

Нәтижесінде, тергеу барысында тараптар 6,5 миллион теңгені иемденіп, өзара бөлісіп, ауыл тұрғындарын өздігінен ағып жатқан суды пайдалануына қалдырғаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы ҚК-тің 189-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары Жамбыл облысы прокуратурасының арнайы прокурорларына берілді.

Тергеу аяқталғаннан кейін, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қордай аудандық сотының биылғы 18 шілдедегі үкімімен "М" ҚК-тің 189-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Кәсіпкер "Е" ҚК-тің 28-бабы 5-бөлігі - 189-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтары бойынша кінәлі деп танылды және оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Заңсыз игерілген ақша толығымен мемлекетке қайтарылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу