Қордайда кезек күткен көлік көп

631

Қырғызстанмен шекаралас аймақта көліктер шоғырлануда, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қордайда кезек күткен көлік көп

Куәгерлердің сөзінше оған өткізу бекетіндегі жағдай себеп. 

"Біз шекараға бардық, ол жабық болды.  Қақпада 300 көлік тұр. Олар әрбір 20-30 минут сайын бес көлікті өткізіп тұрған", – дейді кептелісте тұрғандар. 

Желіде аталған шекара бекетінде түсірілген бейнежазба тарауда. 

Еске сала кетсек, желіде 26 мамырдан бастап Қырғызстанмен шекарадағы "Қордай" бекетіндегі кептелістер туралы шағымдар жиілеп кетті. Бұл ретте бұрын Қазақстан тарапы мұндай жағдайда тексерістермен байланыстырып келген. Ал соңғы дерек бойынша жауапты ведомсволар ресми ақпарат таратқан жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу