Жамбыл облысында анықталған коронавирустың екі жаңа дерегі Қордай ауданынан тіркелді, деп жазды Жедел штабтың Телеграмм парақшасы.
Ол 30 наурыз күні ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған. Алынған талдаулар қорытындысы коронавирусқа оң нәтиже көрсетті. Азаматша инфекциялық стационарға ауыстырылды. Жақын байланыста болған 9 адам анықталып, карантиндік стационарға орналастырылды.
Ал, екінші науқас бұған дейін анықталған науқаспен байланыста болған 24 жастағы азамат. Онымен қарым-қатынаста болған бес адам карантинге жабылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу