Қордайда "Қоспаев ҰҚТ" мүшелерін шекарадан заңсыз өткізген күдікті сотталды

526

М.А.Машанло 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Қордайда "Қоспаев ҰҚТ" мүшелерін шекарадан заңсыз өткізген күдікті сотталды Фото: Ult.kz

Жамбыл облыстық прокуратурасы "Қоспаев" ұйымдасқан қылмыстық тобы" деген атпен танылған ұйым мүшелерін шекарадан заңсыз өткізіп жіберген күдіктінің сотталғанын хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қадағалау органы мәліметінше, адамдарды өткізуді ұйымдастырған - М.А. Машанло. Ол былтыр тамызда Руслан Шалин, Ерлан Имашев және Елдос Қоспаевқа Қырғызстанға өтуге көмектескен. Шекарадан заңсыз өту дерегі Сортөбе ауылы маңындағы бақылау-өткізу бекеті аумағында болған.

"Қоспаев бастаған Шалин, Имашев ҰҚТ мүшелері және бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі Қылмыстық кодекстің 249 ("Рейдерлік") және 262-бабы ("Қылмыстық топты ұйымдастыру және оған қатысу") бойынша қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздестіру жарияланғанын атап өткен жөн", - деді ведомство өкілдері.

Өз кезегінде Машанлоны аудан прокуратурасының жанынан құрылған ведомствоаралық тергеу-жедел тобы әшкереледі. 25 сәуірдегі сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 394-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу