Қордайда өртенген ғимараттан табылған мәйіттің кім екені анықталды

857

 Ол хабар-ошарсыз кеткен 20 жастағы Мұрат Масанов болып шықты.

Қордайда өртенген ғимараттан табылған мәйіттің кім екені анықталды

Қордай ауданы Масанчи ауылындағы өртенген ғимараттың ішінен табылған мәйіттің кім екендігі белгілі болды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтемемен ҚазАқпарат хабарлайды.

"Биылғы жылдың 11 ақпанында Масаншы ауылындағы өртенген сауда ғимаратынан табылған адам сүйектеріне қатысты жүргізілген генетикалық сараптама нәтижелері бойынша көз жұмған адамның жеке басы анықталды. Ол хабар-ошарсыз кеткен 20 жастағы Мұрат Масанов болып шықты. Оның жоғалғаны туралы полицияға 9 ақпан күні әкесі xабарлаған",– делінген ведомство мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, адам өлімінің мән-жайы бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталмақ.

Еске сала кетсек, биыл 7 ақпанда Қордай ауданындағы Масаншы ауылында  жаппай төбелес болған. Ал 8 ақпанда Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясы құрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу