Қордайда жапа шеккендерге медициналық көмек тегін көрсетіледі

884

Алматыдағы екі науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда.  

Қордайда жапа шеккендерге медициналық көмек тегін көрсетіледі

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Камалжан Нәдіровтің айтуынша, Қордай ауданындағы қақтығыстан жарақат алғандарға 100-ге жуық медицина қызметкері көмек көрсеткен. Сонымен қатар науқастарды тасымалдауға 37 техника мен 2 санитарлық авиация тікұшағы жұмылдырылды.

"Осы уақытқа дейін оқиға барысында зардап шеккендерге 24 ота жасалды. Оларға 13 жедел жәрдем бригадасы қызмет көрсетті. Жалпы саны 37 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, Қордай ауданындағы науқастарға көмек көрсету үшін Алматыдан 5 реаниматолог, 1 травмотолог, 2 нейрохирург және 1 тамыр хирургы жеткізілді. Ем шараларының барлығы міндетті әлеуметтік сақтандыру аясында тегін жүргізіледі", – деді Камалжан Нәдіров.

Ұлттық ғылым академиясының академигі Серік Ақшолақовтың сөзінше Алматы ауруханаларында ем қабылдап жатқан 29 нақсастың 25-інің жағдайы орташа ауыр.

"25 науқастың жағдайы орташа  ауыр деп бағалануда. 4 науқас жансақтау бөлімінде. Екеуінің жағдайы аса ауыр. 1970 жылы туған азаматтың миына оқ тиген. Екіншісі бас ми жарақатын алған. Жағдайлары өте ауыр. Операция жасалсағанымен олар әлі ес жиған жоқ. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Екеуі де №7 қалалық клиникалық ауруханада жатыр", – деді Ұлттық ғылым академиясының академигі Серік Ақшолақов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу