Қордайдағы қақтығыс: 77 жастағы қария жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды

867

Жамбасы сынып, ота жасалған Төлеген Құдашпаевтың жағдайы жақсарып келеді.

Қордайдағы қақтығыс: 77 жастағы қария жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды

"77 жастағы қарияның жағдайы жақсы. Ол кісінің жамбасындағы сынығына байланысты кеше ота жасалды. Ота сәтті өтті. Қазір ол жансақтау бөлімінен травмотолгия бөліміне ауыстырылды. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", – деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының қызметін атқарушы Тілеухан Әбілдаев.

Жалпы қақтығыстан жапа шеккендердің ең жасы кішісі – 17-де, ал ең үлкені –77-де. Медициналық көмекке 182 адам жүгінген. Олардың басым бөлігі жеңіл жарақат алғандықтан, үйлеріне жіберілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу