Қордайдағы қақтығыс: 9 полиция қызметкері атыс кезінде жарақат алды

1396

19 қызметкер түрлі дене жарақатын алған.

Қордайдағы қақтығыс: 9 полиция қызметкері атыс кезінде жарақат алды

8 ақпанда қақтығыстың алдын алу және оны оқшаулау үшін оқиға орындарына алғашқылардың бірі болып Жамбыл және Алматы облысы полиция департаментінің жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері келді. Тәртіпсіздік кезінде 19 қызметкер түрлі дене жарақатын алған, оның 9-ы атыс кезінде жарақаттанғаны белгілі болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Арнайы жасақ инспекторларының бірінінің беті мен сол аяғына оқ тиген. Тағы бір жасақ инспекторы да оқтан жараланған. Дегенмен қорғаныс құралдары мен оқ өткізбейтін арнайы киімдері оларды қорғап қалғандықтан, жарақаттары өмірлеріне аса қауіп төндірмейді.

"Зардап шеккендердің көпшілігі алғашқы медициналық көмек алғаннан кейін қатарға қосылып, қызметтерін жалғастыруда",– делінген хабарламада.

Алматы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Жүнісбеков жарақат алғандардың қатарында. Оған жасалған операция сәтті өтіп, қазіргі уақытта денсаулығына қауіп жоқ.

"Қылмыстық кодекстің 380-бабы (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде",– деп хабарлайды  Polisia.kz.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу