Қордайдағы қақтығыс кезінде зардап шеккен 5 адам жансақтау бөлімінде жатыр

1023

Еліміздің ауруханаларында 41 адам ем қабылдауда.

Қордайдағы қақтығыс кезінде зардап шеккен 5 адам жансақтау бөлімінде жатыр Фото: primeminister.kz

8 ақпанда Қордай ауданында болған қақтығыста 182 адам зардап шеккен. Дәл қазір 5 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Қазақстанның денсаулық вице-министрі Камалжан Нәдіров баспасөз мәслихатында айтты.

"Қазіргі кезде Алматы қаласының ауруханаларында 29-ы адам ем қабылдауда. Оның төртеуі жансақтау бөлімінде. Ал Жамбыл облысының емханаларына 12 адам  жатқызылған. Оның біреуінің жағдайы ауыр. Жалпы қақтығыс болған ауданнан 23 науқас Алматыға жеткізілді. Олардың қатарында Қырғызстаннан келген 9 адам бар",– деді Қазақстанның денсаулық вице-министрі Камалжан Нәдіров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу