Қордайдағы қақтығысқа қатысты 90-ға жуық қылмыстық іс қозғалды

790

Қылмыстық процессуалдық кодекске сәйкес тергеу шаралары екі айда аяқталуға тиіс.

Қордайдағы қақтығысқа қатысты 90-ға жуық қылмыстық іс қозғалды

Қордайдағы қақтығысқа қатысты түрлі эпизодтар бойынша 90-ға жуық қылмыстық іс қозғалды. 100-ден астам адамнан жауап алынды. Бұл жөнінде бүгін Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Марат Қожаев жаппай төбелес ісі бойынша жауапқа тартылғандардын арасында полиция қызметкерлері жоқ екенін айтты.

Қылмыстық істер адам өлтірудің 11 фактісі мен ұрлық, тонау оқиғалары бойынша қозғалған. Қазіргі уақытқа тәртіп сақшыларына бағынбай, жанжалдың тұтануына себепші болған үш адамның ісі сотқа жіберілді. Сондай-ақ қарияны соққыға жыққандар да қамауда отыр.

"Қазіргі уақытта жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан өзге тұлғалардың әрекеттері анықталып жатыр. Қылмыстық процессуалдық кодекске сәйкес тергеу шаралары екі айда аяқталуға тиіс. Алайда, қосымша сараптамалар тағайындалса бұл мерзім ұзартылуы мүмкін",– дейді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу