Қордайдағы қақтығыстан тағы 2 адам қайтыс болды

2734

7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Масанчи ауылының тұрғындары арасында жаппай төбелес болды.    

Қордайдағы қақтығыстан тағы 2 адам қайтыс болды

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Қордайдағы оқиға бойынша 10 адамның көз жұмғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"10 адам көз жұмды. 39 адам ауруханада жатыр. Сонымен біреге зардап шеккендердің ішінде бес полицей бар. Үшеуі қарудан жараланған. Алайда полиция қызметкерлері ешқандай қарудың қолданбағанын айтқым келеді", –  деді Алексей Калайчиди ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, кешегі ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қордайдағы оқиға салдарынан 8 адамның қайтыс болғанын мәлім еткен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу