Қордайдағы оқиға бойынша 47 адам ұсталды – ІІМ

1113

Бұған дейін Ерлан Тұрғымбаев Қордайдағы оқиға салдарынан 8 адамны көз жұмғанын мәлім еткен еді.  

Қордайдағы оқиға бойынша 47 адам ұсталды – ІІМ

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қордайдағы жанжал бойынша 47 адамның ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Қазіргі уақытта 47 адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Олардан екі аңшы қаруы тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және соған қатысу) және 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қоғамдық тәртіпті бұзғандардың бәрі де заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында оқиға орнында қазіргі уақытта полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан сарбаздары жұмылдырылған", –  деді Ерлан Тұрғымбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу