Қордайдағы оқиға: қалпына келтіру жұмыстарына қаржы қайдан алынады

1126

Әлихан Смайылов зақымданған нысандарды қалпына келтіру бойынша жоспар әзірлеу тапсырмасы берілгенін атап өтті.

Қордайдағы оқиға: қалпына келтіру жұмыстарына қаржы қайдан алынады

Премьер-министрдің бірінші орынбасары-қаржы министрі Әлихан Смайылов Қордай ауданындағы оқиғадан кейін қалпына келтіру жұмыстарына қаржы қайдан бөлінетін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазіргі уақытта Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың төрағалығымен Үкімет комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Сәйкесінше, ол Жамбыл облысы Қордай ауданында. Осы комиссия жұмысының аяқталуы бойынша тиісті шешім қабылданады", – деді Смайылов Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда, ол зақымданған нысандарды қалпына келтіру бойынша жоспар әзірлеу тапсырмасы берілгенін атап өтті.

"Үкімет комиссиясы өзінің жұмысын аяқтағаннан кейін тиісті шешім болады. Бұл бағытта қажетті қаржы резервтен бөлінуі мүмкін. Атап айтқанда, қандай шығын келтірілгені және қандай көлемде залал болғаны туралы нақты мәліметтер жарияланған соң, тиісті жұмыстар басталады. Әзірге, шығын сомасы нақты айтылған жоқ", – деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар, Үкімет басшысының бірінші орынбасары жергілікті бюджеттен де қаржы бөлу ескерілетінін айтты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу