Қордайдағы оқиға: Полицияға жұдырық жұмсағандар қамауға алынды

1106

Қордай ауданының полиция қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылықты тергеу аяқталды.

Қордайдағы оқиға: Полицияға жұдырық жұмсағандар қамауға алынды

Қордайда полиция қызметкерлеріне жұдырық ала жүгірген ағайынды үш жігіт кінәларын мойындады, деп хабарлайды Бас прокуратура.

Ресми органның хабарламасына сүйенсек, аталған фактіге қатысты  Қылмыстық кодекстің 380-бабының 1-бөлігі (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген.

"Үш айыпталушы өз кінәларын толық мойындап, тергеу сотымен қамауға алынды. Ағымдағы жылдың 14 ақпаны күні қылмыстық іс айыптау актісімен Қордай аудандық сотына жолданды",– делінген хабарламада.

Қазақ-дүнген қақтығысының басы да осы оқиғамен тікелей байланысты еді. Әлеуметтік желілерді кезіп жүрген видеодан полицияға бағынбай, жанжал бастаған жігіттерді көресің.

"Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе аулында жол полициясы қызметкерлерімен  патрульдеу кезінде Л.Воингуйдің басқаруындағы "Хонда Одиссей" автокөлігі тоқтатылған. Көлікке арналған құжаттары болмағандықтан, Л.Воингуйға полиция бөліміне бару ұсынылған. Алайда ол офицерлердің талаптарын орындамай, үйіне қарай бет алған және кейіннен ағалары А. Воингуй және М. Воингуймен бірлесіп полиция қызметкерлеріне қарсы зорлық-зомбылық жасаған",– деп түсіндірді бұл видеоны Бас прокуратура.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу