Қордайдағы төбелестен соң Қырғызстанға кеткен тұрғындар үйлеріне қайтып жатыр

1022

ҚР Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев Қырғызстанмен шекарада болып, қордайлықтармен кездесті.  

Қордайдағы төбелестен соң Қырғызстанға кеткен тұрғындар үйлеріне қайтып жатыр

Қордай ауылындағы қазақ-қырғыз шекарасына келген Бердібек Сапарбаев шекарадан өтейін деп тұрған адамдарға үйлеріне қайтуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Кешеден бері осында жұмыс істеп жатырмыз. Президенттің берген тапсырмасы бар, ол – осында тәртіп пен тыныштық орнату. Түні бойы осында болдық, бәрі тыныш. Сондықтан үйлеріңізге қайтқандарыңыз жөн. Енді бәрі дұрыс болады. Біз бүгін де, ертең де осында жұмыс істейміз. Полиция да осында. Бәрін қалпына келтіреміз. Кім кінәлі екенін анықтап, оларды жауапқа тартамыз. Сол үшін үйлеріңізге қайтыңыздар, балалар сабағынан қалмасын. Осында тіршілікті әрі қарай жалғастыра бересіздер. Келген шығын есептеліп, өтеледі", – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары шекарада тұрған көпшілікке.

Оның айтуынша, Қордай ауылдарындағы тіршілік қайтадан бұрынғы қалпына түседі, сондай-ақ, қауіпсіздік үшін де алаңдамауға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу