Қордайдағы жанжалда 8 адам мерт болып, 40-тан астамы жарақаттанған

1225

Бұған дейін Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Масанчи ауылының тұрғындары арасында жаппай төбелес болғанын хабарлаған болатынбыз.    

   Қордайдағы жанжалда 8 адам мерт болып, 40-тан астамы жарақаттанған

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жанжалға қатысты ОКҚ-да баспасөз мәслихатын өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"7 ақпанда сағат 19.00-де Жамбыл облысының Полиция департаментінің кезекші бөліміне Қордай ауданы Масанчи ауылында 70-тен астам адам төбелесіп жатыр деген хабарлама келіп түсті. Заңсыз әрекеттерді тоқтату үшін оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жіберілді. Сол жерде болған адамдар төбелесті видеоға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы таратқан. Осының салдарынан басқа ауылдардан келген 300-ден астам азамат төбелеске қосылып кеткен. Екі жақ бір-біріне тас лақтырып, таяқпен ұрып, қару қолданды. 8 адам көз жұмды. 40-тан астам адам жарақат алды", – деді Ішкі істер министрі ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, жағдайды тұрақтандыру үшін оқиға орнына ішкі істер органдарының қосымша күштері жіберілді.

"Сонымен қатар, Ішкі істер министрінің орынбасары мен Бас прокурордың орынбасары сол жерге барды. Жедел тергеу тобы құрылып, адам өлімі, бұзақылық фактілері бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі күні жағдай тұрақты", – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу