Жаңа реалити-шоудың түсірілімі үшін Алматыға келген Strong Fellas – Korea Netflix түсірілім тобы қала мәдениетімен және тарихи орындарымен танысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оңтүстік Кореяның танымал балуандары қатысатын жоба тобы Көк базар мен 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябаққа барып, шаһардың тыныс-тіршілігін тамашалады. Қонақтарды әсіресе Көк базардағы ұлттық өнімдер, корей салаттарының түр-түрі және қазақы кәдесыйлар қызықтырған.
Сапар барысында шетелдік қонақтар қазақтың дәстүрлі тағамдарынан ауыз тиіп, еттен әзірленетін ұлттық ас мәзіріне жоғары баға берді. Сондай-ақ алматылықтардың қонақжайлығына ерекше ықылас білдірді.
Алматының мәдениеті, ұлттық дәстүрі мен ерекше атмосферасы түсірілім тобына жағымды әсер қалдырды.