Корей компаниясы елімізде лифт жасаумен айналыспақ

1055

Бүгінде еліміздің көпқабатты үйлеріндегі 24025 жедел сатының  тек 13 863-і  ғана жұмыс істеп тұр. 

Корей компаниясы елімізде лифт жасаумен айналыспақ

Индустриялды даму және өндірістік қауіпсіздік комитеті төрағасы Қанат Баитов "Ofe Co., Ltd" компаниясының бас директоры Хам Ён-Чхермен кездесті. Оның барысында қос тарап әріптестікті дамыту жолдарын талқылады.

Оңтүстік кореялық компания жедел саты орталығын салуға дайын екенін мәлімдеді. Аталған кәсіпорын жабдықтар шығарып, оларға қызмет көрсетіп, технологияларды дамытып, жасау әдістерін үйрететін семинарлар мен тренингтер ұйымдастырумен айналысады, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

"Бұл компания Алматы облысында жедел сатылар жасайтын қазақстандық-корейлік "LGS Elevator" кәсіпорынына бөлшектер жеткізумен айналысатынын айта кету керек. Сонымен қатар, компания ауыл шаруашылығы техникасын жасау бойынша әріптестік орнатуға дайын",- деп жазылған хабарламада.

Компанияның бас директоры Хам Ён-Чхер қазақстандық тарап қызығушылық танытқан жағдайда "Ofe Co., Ltd" "Elevator-Center" жобасы үшін 7-8 млн доллар қаржы тарту мәселесін қарастырмақ.

Бүгінде еліміздің көп абатты үйлерінде 24025 лифт бар. Олардың 23 547-сі жолаушыларға, 478-і жүк тасымалдауға арналған. Сонымен қатар бұл жедел сатылардың 13 863-і ғана жұмыс істеп тұр. Ал 1 684-і жөндеуді қажет етсе, 4 478 лифт ауыстырылуы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу