Корей түбегі ядролық қарусыз мәртебесіне ие болуы мүмкін

235

  Сеулдегі үшжақты саммитте Қытай, Жапония мен Оңтүстік Корея Корей түбегін ядролық қарудан азат етіп, Солтүстік-Шығыс Азияда тұрақтылықты орнатуды жақтады. 

Корей түбегі ядролық қарусыз мәртебесіне ие болуы мүмкін Фото: Leo / unsplash.com

 

Бұл туралы іс-шара қорытындысы бойынша бірлескен Декларацияда айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС-қа сілтеме жасап.

Құжатта атап өтілгендей, тараптар "аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылық, Корей түбегін ядролық қарусыздандыру және адам ұрлау мәселесі бойынша ұстанымдарын растады".

"Біз Корей түбегінің мәселесін саяси шешуге күш салуды жалғастыруға келісеміз", — делінген декларацияда.

Саммитке қатысушылардың пікірінше, Корей түбегі мен Солтүстік-Шығыс Азиядағы бейбітшілікті, тұрақтылықты және өркендеуді сақтау олардың ортақ мүдделеріне сай келеді және олардың ортақ жауапкершілігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу