New Force Оңтүстік Корея компаниясы Алматы облысы Ұйғыр ауданында күн электр станциясын салады, деп хабарлайы ҚазТАГ.
Оңтүстік New Force компаниясы Ұйғыр ауданы аумағында 200 мВт болатын күн электр станциясын салуға қызығушылық танытып отыр.
Ұйғыр ауданының әкімдігі бұл жобаға 300 га жер бөлмек.
Жоспар бойынша алғашқы 8 айда күн батареялары 30 мВт өндіріп, толық қуатқа 2 жылдан кейін ғана шығады.
Бастамашылардың айтуынша, ауданда шамамен 70 жұмыс орны ашылады.
"Инвестиция тарту бойынша бірқатар шаралардан кейін осыған ұқсас жасыл технологияларды "Қорғас" ШЫХО-да енгізу жоспарлануда. Атап өтерлігі, соңғы кездері оңтүстік корейлік кәсіпкерлер әріптестікке белсенділік танытып жүр. Сондықтан біз тіпті Қазақстан мен Оңтүстік Корея кәсіпкерлерінің іскери кеңесін құруды ойлап жүрміз", - деді Алматы облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қанат Қабдиев.
Сонымен қатар, шекара маңындағы сауданы дамыту және инвесторлармен тиімді жұмысты жүргізу және шекара маңындағы сауданы дамыту мақсатында "Қорғас" ШЫХО АҚ инвестициялық комитетіне КП өкілі енгізіледі.