Корея ЭКСПО-2017 көрмесінде өз павильонын үздік етуді көздейді

889

Корея ЭКСПО-2017 көрмесінде өз павильонын үздік етуді көздейді

"Астана ЭКСПО-2017" ұйымдастырушылар кеңсесінде "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Әлішер Пірметов "KOTRA" атқарушы кеңесінің мүшесі, стратегиялық маркетинг жөніндегі атқарушы вице-президент Ду Юнг Киммен кездесті.

Кездесу барысында тараптар "Астана ЭКСПО-2017" көрмесіне дайындық мәселелерін  талқылады, деп хабарлады ұлттық компания.

"Ёсу  және Тэджонда өткізілген ЭКСПО-дан кейін өнеркәсіпті дамытудың серпініне ие болдық. Қазақстанда өтетін ЭКСПО да осындай нәтиже беретініне сенімдіміз. Біз өз павильонымызды үздік етуді көздеп отырмыз", - деді Ду Юнг Ким.

Қонақтардың айтуынша, Корея көрме аясында бірқатар шараларды өткізеді. Оның ішінде энергетикалық форум, мәдени шаралар мен бизнес-семинарлар, таныстырылымдар өтеді. Кореялық тарап ақпанда  өз павильонын  дайындауға  кіріседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу