Корея елімізге 5,5 млрд. АҚШ доллар көлемінде инвестиция құйды

2526

Ал Қазақстаннан Корея экономикасына жұмсаған инвестициясы 2,2 млн. АҚШ доллары болып саналады.

Корея елімізге 5,5 млрд. АҚШ доллар көлемінде инвестиция құйды

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев пен Оңтүстік Кореяның сауда, индустрия және энергетика вице-министрі Ким Йонг-Рэ  қос мемлекеттің ынтымақтастығын нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ведмствоның баспасөз қызметі.

Тимур Тоқтабаевтың айтуынша, Қазақстан Кореяның Орталық Азиядағы ірі сауда әріптесі болып саналады. Мәселен, 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында елдер арасындағы тауар айналымы 3,5 $млрд құрады, оның ішінде экспорт – 1,7 $млрд және импорт – 1,8 $млрд. Қазақстанда Корея капиталының қатысуымен 500-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді.

"Бүгінгі таңда Қазақстан металлургия, химия өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі, мұнай химиясы сияқты салаларда Оңтүстік Корея нарығына 40-тан астам тауар түрлерін жеткізуге дайын. Біз өзара тиімді ынтымақтастықты күшейтудің жаңа жолдарын іздеу үшін тауар айналымын арттыру бойынша жұмыс тобын құруға дайынбыз", – деді вице-министр.

Корея Республикасы Инвестициялар саласында Қазақстанның ең ірі инвесторларының бірі болып табылады. Соңғы 13 жылда Кореядан Қазақстанға тікелей инвестициялар ағыны 5,5 млрд. АҚШ долларын құрады, ал Қазақстаннан Корея экономикасына жұмсаған инвестициясы 2,2 млн. АҚШ доллары болып табылады.

"Қазіргі уақытта біздің елдеріміз арасында жалпы сомасы 4,6 млрд. АҚШ долл. құрайтын 41 қазақстандық-оңтүстік кореялық инвестициялық жоба бар.  Ірі жобалар арасында корей-түрік консорциумының қатысуымен Үлкен Алматы айналма автожолын салуды атап өткім келеді. Бұл жоба Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие", –  деді Т. Тоқтабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу