Корея коронавируспен күреске 9,91 млрд доллар шығындамақ

1038

Үкіметтің бұл бастамасын енді ел парламенті мақұлдауға тиіс.

Корея коронавируспен күреске 9,91 млрд доллар шығындамақ

Оңтүстік Корея үкіметі эпидемияны ауыздықтауға 11,7 трлн вон ($9,91 млрд) бөлмек. Бұл қаражат сонымен қатар індеттен экономикаға келген шығын мөлшерін қысқарту және ЖІӨ көрсеткішінің құлдырауын болдыртпауға бағытталады. Бұл туралы елдің Экономика министрі хабарлады. 

1,9 млрд доллары медициналық құрылғыларды, ауруханалық төсек орындарын, науқастарды емдеуге арналған керек-жарақтарды сатып алуға жұмсалмақ. 

Үкіметтің бұл бастамасын енді ел парламенті мақұлдауға тиіс. Нақты шешімді депутаттар 5 наурызда қабылдайды. 

Соңғы мәлімет бойынша, Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандардың саны 5328-ге, ал марқұмдардың саны 32-ке жеткен. Қаза болғандардың дені – егде жастағылар. Бұл ел вирусты жұқтыру көрсеткіші бойынша Қытайдан кейін екінші орында тұр. Сарапшылардың болжамынша, індет құрбандарының саны әлі де өсуі мүмкін. 

Қытайдағы коронавирус эпидемиясы көптеген кәсіпорындардың жұмысын іркілтіп, тауар айналымып тоқыратып жіберді. Оның зардабын оңтүстіккореялық компаниялар да тартып отыр: олар өндірісті тоқтатуға мәжбүр. Соңғы айларда елдегі тұтынушылық шығын көлемі күрт қысқарып кеткен. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу