Корея Республикасында алғаш рет Қазақстанның Құрметті консулы тағайындалды

603

Қазақстан Елшілігінде Құрметті консулдың патентін және "Dongil Highvill" Оңтүстік Кореялық компаниясының президенті Ко Донг Хён мырзаға экзекватура тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Корея Республикасында алғаш рет Қазақстанның Құрметті консулы тағайындалды

Жаңадан тағайындалған Құрметті консул екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасы тарихындағы осындай лауазымдағы бірінші рет тағайындалды.

Оның негізгі қызметі азаматтарымыздың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысты күшейтуге, сондай-ақ экономика, мәдениет, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесуге бағытталатын болады.

Құрметті консулдықтың юрисдикциясына Чхунчхоннам-до, Чхунчхонбук-до, Чхолланам-до, Чхоллабук-до, Кёнгсаннам-до, Кёнгсанбук-до және Канвон-до провинциялары кіретін болады.

Анықтама ретінде: Құрметті консулдық – өзі өкілдік ететін елдің мемлекеттік қызметінде тұрмай, сол елдің және оның азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қоса, бірақ визалар мен өзге де ресми құжаттарды беруді қоспағанда, өкілдік ететін мемлекеттің тапсырмасымен және болу елінің келісімімен ақысыз негізде кейбір консулдық міндеттерді атқаратын Құрметті (штаттан тыс) консул басқаратын мекеме.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу