Ақордаға Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеді. Екі ел басшылары бір-біріне министрлерді таныстырып, одан соң президент оркестрі екі мемлекеттің Әнұранын орындады.
Ақорда таратқан ақпаратқа сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль келіссөз жүргізіп, қазақ-корей бизнес-форумына қатысады деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады деп күтіледі.
Айта кету керек, 11 маусым күні Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президентін Премьер-Министр Олжас Бектенов әуежайдан күтіп алған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу