Кореяда Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған маркалар шығарылды

904

Корея Республикасындағы Қазақстан Елшілігі мен қабылдаушы мемлекеттің ең ірі "Korea Post" пошта операторының бірлескен жұмысының нәтижесінде тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған мерейтойлық маркалар жарық көрді, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Кореяда Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған маркалар шығарылды

"Маркалардың бір бөлігі салтанатты түрде Корея Республикасындағы жалғыз Марка мұражайының жинағына табысталды. Мұражай директоры На Санг-кук атап өткендей, жаңа экспонаттың арқасында көптеген келушілер Қазақстан мәдениетін біліп, онымен жақынырақ танысуға қызығулары мүмкін",– деп жазылған СІМ хабарламасында.

Айта кетсек, мұражай қорындағы ең "жасы үлкені" 1884 жылы шығарылған Чосон әулетінің маркасы болса, ал соңғы қойылғаны – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған марка.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу