Пхёнчханда өтетін Олимпиада ойындарында еліміздің туын кім ұстайтыны белгілі болды

857

Пхёнчханда өтетін Олимпиада ойындарында еліміздің туын кім ұстайтыны белгілі болды

Шорт-тректен әлем кубогының, Универсиада, Азия ойындарының жүлдегері, 2014 жылғы Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қатысуышысы Абзал Ажғалиев Кореяның Пхёнчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының туын ұстап шығады, деп хабарлайды vesti.kz.  

"Біздің спортшылар Пхёнчханда өтетін Олимпиада ойындарына спорттың тоғыз түрінен 50-ден астам лицензия алуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда біздің спортшылар спорттың 4 түрінен 33 лицензия жеңіп алды. 10 жолдама -  биатлоншыларға, 10-ы шорт-трекке, 3-еуі мәнерлеп сырғанауға бөлінсе, 10 лицензияны конькимен жүгірушілер иеленді. Жалпы біз спорттың тоғыз түрінен қатысуды ойластырып отырмыз. Олардың қатарында трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл бар. Шорт-тректен Қазақстан құрамасының споортшыларын ерекше атап өткім келеді. Олар барлық лицензиялық турнирде бақ сынап, жақсы көрсеткіш көрсетіп, 10 жолдама жеңіп алды. Алдағы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының туын Абжал Ажғалиев алып шығады. Ол ұлттық құрамада бірнеше жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан спортшы. Сондықтан да ту ұстап шығуға әбден лайықты", - дейді ҚР МЖС министрлігің спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Жарасбаев. 
Еске салайық, Пхёнчхандағы қысқы Олимпиада ойындары 9 және 25 ақпан аралығында өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу