Кореяда сотталған қазақстандықтар жазасын өз елінде өтеуі мүмкін

644

Осы мәселе Мәжілістің жалпы отырысында көтерілді. 

Кореяда сотталған қазақстандықтар жазасын өз елінде өтеуі мүмкін

Корея мен Қазақстан арасындағы сотталған азаматтарды бір-біріне беруі мүмкін. Мәжіліс депутаттары осындай заң жобасын талқылады. Бұл ретте Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы Светлана Бычкова комитет сотталғандарды беру туралы Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы келісім бойынша қотындыны ратификациялауға, сонымен қатар Болгария және Кореямен келісімді мақұлдауға дайын екенін мәлімдеді.  

"Солтүстік Македониямен келісімге 2019 жылдың 22 тамызында қол қойылған. Ол сотталғандардың жазасын өз мемлекетінде өтеуге байланысты. Болгариямен келісім 2019 жылдың 13 мамырында Софияда жасалған. Бұл құжат тараптар сотталғандарды өз елдеріне беруді міндеттейді. Ал Қазақстан мен Корея арасында сотталғандарды беру туралы құжат 2019 жылдың 22 сәуірінде Нұр-Сұлтанда қабылданған. Осы келісімді жүзеге асыру қос тарап арасындағы адам құқығы бойынша заңнамалық әріптестікке жол ашады", – деді Светлана Бычкова. 

Сондай-ақ, ол комитет аталған заң жобасын 2021 жылдың 26 қарашасына дейін қарастырып, қорытынды әзірлеуге дайын екенін жеткізді. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу