Кореяда сотталған жігіттің ісі қайта қаралуы мүмкін

752

Айыпталушы тарап сот шешімін аппеляцияға берді.  

Кореяда сотталған жігіттің ісі қайта қаралуы мүмкін

Сыртқы Істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Кореяда көлік апатын жасаған қазақстандықтың тағдырына қатысты ақпарат берді.  Күдікті сот шешімін қайта қарау үшін аппелцияға берген көрінеді.  Корея соты шешімді өзгертпеген жағдайда, Сыртқы істер министрлігі сотталғандарды беру процесін бастауы мүмкін.

"Оңтүстік Кореяда бала мыжып кетті деген айып тағылған  отандасымызға үкім шығарылған болатын. Ол 2,5 жылға қамауға алынған. Ол өз құқығын пайдаланып, сот шешімін қайта қарау үшін аппеляцияға берді. Кейбір БАҚ-та ол  шамамен 50 мың доллар айыппұл төлеуі тиіс деген ақпарат тараған. Бұл шындыққа жанаспайды.  Сот кезінде осындай сома айтылып қалған болатын.  Баланы емдеуге сонша қаражат кеткені айтылған.  Яғни, сот тек 2,5 жылға қамау туралы шешім шығарған.  Өзге қаржылық айыппұлдар туралы сөз болған жоқ", – деді СІМ өкілі.

Отандасымыз түбегейлі сотталған жағдайда Қазақстан Елшілігіне жазасын өз отанында өтеу туралы өтініш түсіруге құқылы.

"Соттың қайта шығаратын шешімін күтейік.  Содан кейін ғана айыпталушының не қалайтынын қараймыз.  Сотталғанды бізге беру процесін тек өзінің жеке өтініші бойынша ғана бастай аламыз.  Әзірге ол сол  шешімін аппеляцияға берді. Енді соттың шешімі шыққанша өтініш бере алмайды", – деді Айбек Смадияров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу