Кореяда тағы бір ұшақ әуежайға шұғыл түрде қонды

236

Мұндай жағдай бұған дейін Муанда апатқа ұшыраған ұшақта болған еді.

Кореяда тағы бір ұшақ әуежайға шұғыл түрде қонды Фото: Yonhap

Кимпхо – Чеджу бағыты бойынша рейс орындаған Boeing B737-800 ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай шассидегі ақауды анықтады. Осыған байланысты ұшақ ұшып шыққан әуежайына қайта қонды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұшақ бортында 161 жолаушы болған. Әуе компаниясының мәліметінше, рейс басқа ұшақпен орындалады.

Айта кетейік, кеше, 29 желтоқсанда, Оңтүстік Кореяда таңғы сағат 9:07-де (Астана уақыты бойынша 5:07-де) ұшақ апатқа ұшырады. Бортта 175 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болды, олар Бангкоктан бағыт алған еді.

Апат салдарынан ұшақ зақымданып, өрт шықты. Кейін төтенше жағдайлар қызметі өртті сөндіріп, іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Жолаушылар арасында Оңтүстік Кореяның 173 азаматы және Таиландтың 2 азаматы болғаны анықталды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес лайнер қону кезінде құстармен соқтығысқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу