Кореяда заңды жұмыс істеу үшін не істеу керек?

830

Былтыр Қазақстан тарапы Оңтүстік Корея елімен еңбек мигранттарына қатысты келісімшартты құрастырып жатыр. 

Кореяда заңды жұмыс істеу үшін не істеу керек? Фото: astons.com

Аталмыш келісімге сәйкес, Кореяға бару алдында біліктілік курстарынан өтіп, тіл меңгеріп, дайындығын растау керек болады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

"Оңтүстік Кореяға жұмысқа тұруға ниет білдіргендер Алматы облысы, Қонаев қаласында өндіріс базасында рұқсат етілген мамандықтар бойынша кәсіби дайындықтан өтуі тиіс. Сонымен қатар үш ай ішінде корей тілін белгілі бір деңгейде меңгеруі тиіс. Кейін Алматы қаласындаға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сертификаттау орталығында біліктілігін растауы тиіс. Сонымен қатар аталмыш келісім корейліктерге де Қазақстан еңбек нарығын ашық етеді, яғни олар да бізге келіп, еңбек ете алады", — деп түсіндірді ЕжХӘҚ Министрі Светлана Жақыпова. 

Мұндай Көшпелі оқыту орталығы Шығыс Қазақстан облысында құрылған, Корея тарапынан қойылған басты талап — Оңтүстік Кореяға тікелей рейстердің болуы. Мұндай критерийге сәйкес келетін қалалар — Астана мен Алматы. Қазір елордада оқыту орталықтарын ашу қарастырылып жатады, деді Министр. 

Бүгінде еңбек көші-қоны саласында 10 келісім қолданыста (ҚХР, Оңтүстік Корея, Вьетнам, ТМД елдері, Қырғызстан, Тәжікстан). 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу