Кореяда жол ережесін бұзған қазақстандық жазалануы мүмкін

460

Жүргізуші мен жолаушылар мас болмаған, есірткі қабылдамаған.

Кореяда жол ережесін бұзған қазақстандық жазалануы мүмкін Фото: news.heraldcorp.com

Оңтүстік Кореядағы Инчхон-Ёнсу полиция учаскесі 27 мамырда жол жүру ережесін бұзған 39 жастағы А. есімді Қазақстан азаматын тұтқындады, деп хабарлайды inbusiness.kz Herald Economy басылымына сілтеме жасап.

Куәгерлер ұсынған видеоларда үлкен жылдамдықпен келе жатқан көлік ішінен екі қыз шығып, терезеге отырғанын, сол арқылы жолда қауіпті жағдай тудырғанын көруге болады.

А. есімді азамат 24 мамырда 18:15-те Ёнсу-дон-ға бара жатқан жолда K5 көлігін қатты айдады деп айыпталып отыр. 

А. есімді азамат полиция учаскесіне өз еркімен келді, оған қатысты тергеу жүргізілді. Тергеу барысында А. мырза Б. және С. есімді әйелдерге бұлай істемеуін, оның қауіпті екенін ескерткенін айтты. 

Егер екі қыздың ескертпелерге құлақ аспай, өз беттерінше шешім қабылдағаны анықталса оларға да айыппұл салынады.

Б. ханым әрекетін Кореядағы жақын танысы бөпелі болғанын естіп, қатты қуанғаннан істегенін түсіндірді. Сондай-ақ ол тергеушілерге "өз елімде мұндай әрекет қалыпты болғандықтан, ешқандай мәселе туындамайды деп ойладым" деп жауап берген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу