Кореядан келген дәрігерлер Жезқазған мен Сәтбаевтың 500-ге жуық тұрғынын қабылдады

735

Оңтүстік Кореяның жетекші клиникаларының дәрігерлері Жезқазған медициналық орталығына барды.

Кореядан келген дәрігерлер Жезқазған мен Сәтбаевтың 500-ге жуық тұрғынын қабылдады

Корея физиотерапевтер қауымдастығының мамандары, "Қазақмыс" корпорациясы, Халықаралық инновациялық өнеркәсіптік консорциум және "Severance-KZ" халықаралық медициналық Қоры ұйымдастырған еріктілер бағдарламасы аясында 500-ге жуық пациентті қабылдады. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл - корей дәрігерлерінің Қазақстанға екінші сапары.

Қазақстанға табан тіреген 11 маман Оңтүстік Кореядағы үздік клиникалардың  ерікті-дәрігері. Арасында Daejeon University мен Mokpo National University-дің ақхалаттылары да бар. Олар 7 күн бойы "Жезқазған" медициналық орталығында науқас қабылдады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, корей реабилитологтарының өздері Қазақстанға баруға ниет білдіріп, еңбек демалысын алып келген. 

"Біздің 3 дәрігеріміз нейрореабитолог. Олар инсульт, инфракт алған науқастарды оңалту, жағдайын жақсартуға көмектеседі. Жол көлік оқиғасына тап болғандарды емдейтін травматологтар да бар. Ең маңыздысы – мұндағы 3 маман балалар дәрігері. Қазір олар ДЦП балалармен жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, осы медициналық орталықтың сұранысымен кардиореабитолог та келді", - деді "ММФ Severance-KZ" ҚҚ президенті Лариса Ан.

Дәрігерлердің қабылдауына Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының тұрғындары, сондай-ақ, "Жезқазған" медициналық орталығының науқастары да келді.  "Қазақмыс" корпорациясының жергілікті өндірісінде жұмыс істейтін қызметкерлер де бар. Жалпы, түрлі диагнозбен  500-ге жуық адам шетелдік дәрігерлердің көмегін алды. Олардың 125-і бала. Сонымен қатар, корей мамандары медициналық орталықтың дәрігерлеріне дәрістер мен практикалық сабақтар өткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу