Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов "Хабар-24" арнасында тікелей эфирге шығып коронавирус жұқтырған тағы екі адамның тіркелгенін хабарлады.
"Екінші науқас – 1995 жылы туған еркек кісі. Ол кеше Сеул-Алматы рейсі арқылы келген. Жалпы ұшақта болған 130 жолаушының ішінде транзитпен кеткендерден басқасы түгел 100 пайыз каратиндік стационарға жатқызылды. Сонымен қалаға ешкім кірген жоқ. Сол жолаушылардың арасында карантинде диагностиканың нәтижесінде бір науқас анықтадық. Сонымен жалпы қазіргі күнде Қазақстан Республикасында 8 тіркелген науқас бар. Бұл науқастардың барлығы оқшауланған. Барлық жақын байланыста болған адамдар оқшауланған немесе арнайы инфекциялық ауруханаларда. Сонымен қатар потенциалды контактардың бәрі табылды, анықталды. Тізім бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Кейбір науқастар стационарлық каратинге жатқызылды. Кейбір азаматтар үйдегі карантинге алынды", – деді Елжан Біртанов.