Кореяға жарысқа келген скауттар ыстықтан ауруханаларға түсті

461

Бұрын-сонды болмаған ыстық ауа-райы 12 күн бойы сақталады деп күтілуде. 

Кореяға жарысқа келген скауттар ыстықтан ауруханаларға түсті Фото: yonhap.news

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан 25-ші Дүниежүзілік скауттар слетінің ашылу салтанатында 108 адам қатты ыстықтан ауруханаларға түсті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Yonhap ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Слеттің ашылу салтанаты оңтүстік-батыс жағалауындағы қалпына келтірілген Сэмангым аймағындағы үлкен лагерьде өтті. Онда әлемнің 158 елінен 43000-ға жуық жас скауттар жиналды.

Ұйымдастыру комитетінің мәліметі бойынша, барлығы 108 қатысушыда ыстыққа ыстыққа шыдамаса, ал тағы 31 адам іс-шара кезінде бас ауруы, іштің ауыруы және тірек-қимыл аппаратының зақымдалуына шағымданған. 

Рәсімнің соңына аз уақыт қалғанда бірнеше адам есінен танып қалды, өрт сөндірушілер ұйымдастыру комитетінен іс-шараны тоқтатуды талап етті, бірақ олар тек отшашуды тоқтатты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу