Кореялық инвесторлар Балқаш АЭС қатысу үлесінен бас тартты

1235

Кореялық инвесторлар Балқаш АЭС қатысу үлесінен бас тартты

Балқаш жылу электр стансасын салу жобасы тоқтаған жоқ. Тек кореялық инвесторлар ондағы қатысу үлесінен бас тартып отыр, деп түсіндірді Энергетика министрлігі өкілі. Бұл туралы 24kz хабарлайды.

ҚР энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, қос тарап арасында келіссөз жүргізіліп жатыр. Өзекті мәселе 60 күннің ішінде шешіліп, кореялық инвесторлар бас тартқан үлес реттелуі керек. Қазір жобаның бағасы талқыланып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Балқаш атом электр стансасының 51%-ы шетелдіктерге тиесілі. Кореялық тарап оған бір жарым миллиард доллар қаржы құюға міндетті болатын.

"Самсунг" компаниясына өз ұсыныстарымызды жібердік. Енді олар Қазақстанға келіп, жоба құнын арзандату мәселесін талқылаймыз. Әзірге кореялық инвесторлар жобадан шыққан жоқ", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу