Кореялық компания бірлесіп сериал түсіруге қызығушылық білдірді

866

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров "Big ocean entertainment" корей компаниясының Басқарма Төрағасы Хванг Донг Соппен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кореялық компания бірлесіп сериал түсіруге қызығушылық білдірді

"Big ocean entertainment" - түрлі сериалдар, фильмдер мен музыкалық контент және ойын-сауық шоуларын өндіретін ірі компания.

Кездесу барысында, Министр ведомствоның қызметімен қысқаша таныстырып өтіп, биыл Қазақстан мен Корея дипломатиялық қарым-қатынастарының орнағанына 30 жыл толғанын атап өтті.

Қазақстанда анимация саласы, атап айтқанда балаларға арналған анимациялық мультфильмдер өндірісі дамып келеді. Осыған байланысты, корей тарапына қазақстандық тәжірибені зерделеу; анимациялық контент пен сериалдар өндірісі барысында өзара тәжірибе алмасу мүмкіндігін қарастыру және де сала мамандарының біліктілігін арттыруға және Балаларға арналған анимациялық мектепте шеберлік сабақтарын ұйымдастыруға қатысу ұсынылды.

Сондай-ақ аталмыш кездесуге ҚР Президенті Телерадиокешенінің креативті директоры Нұрлан Қоянбаев та қатысты. Ол екіжақты кездесуді ұйымдастырған ведомствоға өз алғысын білдіріп, корей тарапымен бірлескен ТВ жобаларды іске асырудың маңызын атап өтті.

Өз кезегінде, Хванг Донг Соп "Big ocean entertainment" компаниясының Қазақстан аумағында оңтүстік кореялық танымал дорамалардың біріне  ремейк түсіруге және Қазақстанда жастарға арналған сериалдарды бірлесіп түсіруге деген қызығушылығын атап өтті.

Осы орайда, Министр А.Омаров Корея Республикасының креативті экономиканы дамытудағы тәжірибесін алуға және осы бағыттағы ынтымақтастықты нығайтудағы ниетін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді қарым-қатынас орнатпаққа пейіл білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу