Кореялық компания "Рахат-Шымкент" ЖШС-ға 5 миллиард теңге көлемінде инвестиция құяды

1173

Қаражат мармелад пен қантты печенье өндіру желісін енгізуге жұмсалатын болады.

Кореялық компания "Рахат-Шымкент" ЖШС-ға 5 миллиард теңге көлемінде инвестиция құяды

Жобаға компанияның басты акционері – кореялық LOTTE Confectionery көлемі 5 миллиард теңге болатын инвестиция құяды. Қаражат мармелад пен қантты печенье өндіру желісін енгізуге жұмсалатын болады, деп хабарлайды otyrar.kz.

Бұл жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында бүгін Шымкент әкімдігі мен "Рахат-Шымкент" ЖШС арасында жаңа жұмыс орындарын ашуды көздеген ынтымақтастық меморандумы түзілді.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Д.Жумин индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 –2019 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы аясында іске қосылған "Рахат-Шымкент" ЖШС-нің жұмысымен танысты.

Онда қала басшысының орынбасары кәсіпорын жұмысшыларымен кездесіп, фабриканың қала өнеркәсібін дамытуда айрықша үлесі бар екенін атап өтті.

"2001 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан фабрика ТМД, Еуропа, Қытай және Моңғолия елдері үшін өнім өндіреді. Бұл отандық өнімнің әлемдік стандарттарға сай екендігін көрсетеді", – деді Д.Жумин.

Толықтай соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған зауыт бүгінде 30-дан астам атаумен 4 түрлі өнім өндіреді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша 9 млрд теңгеден астам сомаға 21 мың тонна өнім шығарылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу