Кореялықтар революциялық аккумулятор ұсынды

791

Жаңа аккумулятор жүріс қорын мың шақырымға арттырады. 

Кореялықтар революциялық аккумулятор ұсынды

Оңтүстік Кореядағы SK Innovation компаниясының соңғы өнімі биыл Сеулде өткен InterBattery форумында таныстырылды. Компания өкілдері электромобильге арналған екі типтегі аккумуляторды әзірлеу жұмыстары аяқталғанын хабарлады. Бірінші типі 10 минутта қуатталып, көліктің 800 шақырымды еркін еңсеруіне, ал екіншісі ұзағырақ қуатталып, 1000 шақырым жол жүруге мүмкіндік береді. 

Мұндай нәтижеге мамандар аса тығыз никельді пайдалану арқылы жеткен. Алайда Inside EVs басылымы қосалқы бөлшек сипаттамасының шынайылығына күмән келтіріп отыр. Себебі бұл компания Panasonic, LG Chem, CATL сияқты ауқымда өндіріспен айналысқан емес. 

UBS Global сарапшылары бес жылдан кейін әлемдегі көлік атаулының 17%-ы электрлі болатынын айтты. Ал 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 40%-ға жетеді. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу