Қорғалжың қорығында қамыс өртін сөндіру жалғасып жатыр

546

Өрттің алдын ала ауданы 25 гектарды құрады.

Қорғалжың қорығында қамыс өртін сөндіру жалғасып жатыр Фото: gov.kz

Шалқар ауылынан 35 шақырым жерде орналасқан "Қорғалжын қорығы" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жанған қамысты сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

"Ашық жану байқалмайды, жеке ошақтар бықсып жатыр. Орман шаруашылығының ақпараты бойынша алдын ала жану алаңы 25 гектарды құрады. Өртті сөндіруге ТЖ департаментінің және орман шаруашылығының күштері мен құралдары жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек өрт сөндіру жұмыстарына Қазавиақұтқару тікұшағы да тартылған. 

"Осы уақытқа дейін өрт ошақтарына көлемі 60 тонна 20 су ағызу жүзеге асырылды", - деп хабарлады министрлік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу