Қорғалжын қорығындағы өрт сөндірілді

357

Өрттің жалпы ауданы 150 га болды.

Қорғалжын қорығындағы өрт сөндірілді Фото: Ақмола облысы ТЖД

19 маусым сағат 6:40-та "Қорғалжын қорығы" мемлекеттік табиғи паркінің аумағындағы Сарыкөл көлі ауданындағы қамыс өрті ауыздықталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Өрт сөндірушілер өртпен желдің күшеюіне байланысты қиын жағдайда, сулы-батпақты жерлерде күресті. Техникалар өте алмағандықтан, өрт әуеден сөндірілді. Өрттің дала массивіне таралуына жол бермеу үшін жердегі күштер қарауылдады", делінген хабарламада.

Өртті жоюға мемлекеттік ұлттық саябақ қызметкерлері, Ақмола облысы ТЖД және Астана қаласы ТЖД 23 бірлік техника мен 78 адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 2 тікұшағы жұмылдырылды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Елорда маңында қураған ағаштар өртеніп  жатқанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу