Қорғаныс министрі, генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Алматы гарнизонына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Құрлық әскерлері Әскери институтының базасында Қорғаныс министрі рота командирлерінің "Тактик" біліктілікті арттыру курсының өткізілу барысын тексерді.
Жұмыс барысында мекеме басшысы құрлық әскері мен құрлық әскері әскери институтының командалық құрамымен жұмыс кеңесін өткізді. Отырыста рота командирлерімен курс жұмысын әрі қарай сапалы ұйымдастыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма жүктелді.
Одан бөлек, жұмыс сапары аясында министр Алматы гарнизонына қарасты 73652 және 11567 әскери бөлімдерін тексерді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу