Қорғаныс министрі: Қазақстан мен Ресей жаңа әскери келісімдерге қол қоймайды

Әскер серіктестік бойынша барлық сұрақтар шешімін тапқан. 

Қорғаныс министрі: Қазақстан мен Ресей жаңа әскери келісімдерге қол қоймайды

Бұл туралы Мәжіліс кулуарларында ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Министрдің айтуынша, қажетті құжаттардың барлығына қол қойылған.

"Әскер серіктестік бойынша барлық сұрақтар шешімін тапқан", – деді Руслан Жақсылықов.

Сонымен қатар министр ҰҚШҰ аясында мемлекеттер арасында ешқандай мәселе туындамаған.

 "Ешқандай дағдарыстық жағдайлар орын алған жоқ. Бізде бәрі тұрақты. Қазақстан өз міндеттемелерін, алдын ала бекіткен жұмыс жоспарларын орындайды. Сондықтан қандай да бір мәселе туралы айтудың мәні жоқ", – деді Руслан Жақсылықов Мәжіліс кулуарларында тілшілерге.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу