Қорғаныс министрі көктемгі шақырылым барысын тексерді

853

Қорғаныс министрі көктемгі шақырылым барысын тексерді

Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Шымкент гарнизонына жұмыс сапарымен барды. Онда ол Оңтүстік Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жиын пунктінде 2017 жылғы көктемгі шақырылым барысын тексерді, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Жиын пунктінде қорғаныс ведомствосының басшысы шақыру науқанының өткізілу процесі жайлы ОҚО ҚІЖД бастығының баяндамасын тыңдады.

Жұмыс барысында Қорғаныс министрі шақырылушылармен, олардың ата-аналарымен әңгімелесті. Медициналық тексеру, психологиялық тестілеу үдерісімен танысып, сондай-ақ шақырылымның сапасы мен ұйымдастырылуын тексерді. Тексеру қорытындысы бойынша ведомство басшысы мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды әрі қарай сапалы іріктеуге қатысты ОҚО ҚІЖД басшылығына бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазір облыстық жиын пунктінен Шымкент қаласына ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдеріне бірнеше команда жіберілгенін, сондай-ақ, Мемлекеттік күзет қызметіне іріктеу басталғанын айта кеткен жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу