Қорғаныс министрі Қытайдағы Сяншань форумына қатысып жатыр

337

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы Бейжіңде жүр.

Қорғаныс министрі Қытайдағы Сяншань форумына қатысып жатыр Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Пекинде өтетін Х Сяншань форумында әлемдегі қауіпсіздікті сақтау саласындағы мәселелер талқыланбақ. Биыл оны Қытайдың халықаралық стратегиялық зерттеулер институты (CIISS) ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Сяншань форумына қорғаныс ведомстволарының, халықаралық ұйымдардың басшылары, белгілі ғалымдар, экс-саясаткерлер және жетекші сарапшылар шақырылған.

Халықаралық форум аясында Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов ҚКП Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары генерал-полковник Хэ Вэйдунмен кездесті. Оған сондай-ақ Қазақстанның Қытайдағы Төтенше және Өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев та қатысты. Тараптар Қазақстан мен Қытайдың қорғаныс саласындағы екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.

Сонымен бірге Бейжіңде Қазақстанның Қорғаныс министрі қару-жарақ пен әскери техника өндірісіне маманданған қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының жұмысымен, олардың өнімдерімен танысуды жоспарлап отыр. Олардың қатарында СATIC ұлттық аэро-технологиялық корпорациясы мен қытайлық NORINCO cолтүстік өнеркәсіптік корпорациясы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу