Қорғаныс министрі мамырда шеру неге болмайтынын түсіндірді

830

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың айтуына қарағанда, қаражат үнемдеу керек, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Қорғаныс министрі мамырда шеру неге болмайтынын түсіндірді

"Бүгінгі таңда Қарулы күштердің алдында өте өзекті міндеттер тұр. Жоғарғы бас қолбасшы оның бәрін бізге бекітіп берді. Олардың бәрін іске асыру үшін біршама қаражат керек. Ал енді бюджеттен шеру өткізу үшін қаражат сұрасақ қалай болады? Бұған шығын шығады. Жанар-жағармайға, әскерилердің іссапарына, тамағына қаншама қаражат кетеді. Сол себепті мұндай жағдайда не маңызды? Айтыңыздаршы, әскери оқу-жаттығуын өткізген маңызды ма, әлде шеру өткізген бе?" деп тілшілердің өзіне қайтара сұрақ қойды министр.

Оның айтуынша, қазіргі жағдайда Қарулы күштердің даярлығына баса мән беру керек. 

"Сіздер шатастырып тұрсыздар. 7 мамыр бар да, 9 мамыр бар. Шеру бұған дейін естеріңізде болса Қарулы күштердің 30 жылдығына арналған еді. Жеңіс күніне емес! Осыны салыстыру керек. Жеңіс күні жоспарланған іс-шаралардың бәрі, ардагерлерді ардақтау шарасы жоспарымен болады. Әр әскери бөлім ардагерлерді құттықтауға міндеттелген бізде. Оларды құттықтаймыз", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу