Қорғаныс министрі: Президенттен отставкаға кетуді сұраймын

1165

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Президенттен отставкаға кетуді сұрайтынын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қорғаныс министрі: Президенттен отставкаға кетуді сұраймын

Бұл сұрақты министрге сұрақты "Азаттық" тілшісі қойған.

"Қазір ең басты мақсатым – апаттың салдарын жою. Отставка мәселесі туралы айтар болсам, осы хабарды естігеннен кейін бірінші минутта өзім үшін шешім қабылдадым: мен отставкаға беремін, отставканы сұраймын. Ал қалғанын жоғары басшылық шешеді", - деді Нұрлан Ермекбаев.

Еске сала кетсек Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев бүгін Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан 4 адамның қайтыс болғанын мәлімдеді. 

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу