Қорғаныс министрі жастарды әскерге күштеп әкетуге қатысты түсінік берді

474

Жастар нағыз патриот болса, неге әскерге барудан жалтарады? 

Қорғаныс министрі жастарды әскерге күштеп әкетуге қатысты түсінік берді Фото: google.com

Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов айтты. 

Тілшілер ведомство басшысынан жастарды түнгі клубтардан, компьютер залдарынан күштеп әкетуге қатысты түсінік беруін сұрады.  

"Нағыз патриот болса, неге әскерге бармайды? Мұнда жастар әскерге неге бармайды, оларды түнгі клубтан неге әскерге әкетіп жатыр деген заңды сұрақ туындайды. Демек, оның түнгі клубта көңіл көтеруге шамасы бар, бірақ  өзінің Конституциялық міндетін орындамай жүреді", - деді ол. 

Оның сөзінше, заң бұзушылық фактілері анықталған жағдайларды нақты көрсету керек. 

Бұдан бөлек журналистер одан жастарды заңсыз әскерге әкеткен әскери комитет мамандарына қандай жаза қарастырылатынын да сұрады.   

"Әскери комитет өкіліне шағым түскен жағдайда, ол әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Бұл егер де оның әрекеті заң бұзушылық болып есептелген жағдайда ғана", - деді Руслан Жақсылықов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу